АУДАНДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Аудан көлемінде көктем мезгілінде адам денсаулығына қауіп төндіретін, негізінен шөпті алқаптарда және қора-жайларда мекендейтін кене түрлеріне қарсы залалсыздандыру жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі. Бұл шаралардың басты мақсаты – кенелердің таралуын шектеу және адам мен мал арасында жұқпалы аурулардың алдын алу.

✔️Биылғы жылы залалсыздандыру жұмыстары 2026 жылғы 30 наурыз бен 16 сәуір аралығында ұйымдастырылды. Іс-шаралар Ордабасы ауданындағы қолайсыз деп танылған 11 елді мекенде жүргізілді.

✔️Атап айтқанда, Қажымұқан, Боралдай, Бөген, Жеңіс, Атамекен, Ұялыжар, Қайнар, Қараспан, Дихан, Төреарық және Қарақұм елді мекендерінің санитарлық-қорғаныш аймақтары толық қамтылды. Жалпы залалсыздандырылған аумақ көлемі 11 672 352 шаршы метрді құрады.

✔️Жұмыстар 0,07% дельтаметрин ұнтағын қолдану арқылы жүргізілді. Залалсыздандыру барысына Ордабасы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жауапты мамандары, ауыл әкімдіктерінің өкілдері және дезинфекция бөлімшесінің қызметкерлері қатысып, тұрақты бақылау жасады.

✔️Іс-шаралар арнайы 2 ОШУ техникасының көмегімен жүзеге асырылып, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қамтамасыз етілді.

✔️Жалпы алғанда, жүргізілген санитарлық шаралар аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кенеден таралатын аурулардың алдын алуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1206594?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді