«Солдатово орта мектебі» КММ-нің ұйымдастыруымен Үлкен Нарын ауданы бойынша саптық ән байқауы өтті. Аталған байқауға ауданның 10 мектебінен оқушылар қатысып, саптық дайындығы мен патриоттық рухын жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Солоновка орта мектебі
ІІ орын – Малонарым орта мектебі
ІІІ орын – Қ. Дамитов орта мектебі
Бас жүлдені Малонарым орта мектебінің қыздар командасы иеленді.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан өзге командалар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Солдатово орта мектебінің ұжымына іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-soldatovo/press/news/details/1207070?lang=kk

Жауап қалдыру