
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында акватлоннан әйелдер арасында бәсеке аяқталды.
Ел намысын бұл бәсекеде Диана Ержанова (Астана) мен Аида Ким қорғады.
Алғашқы жүгіру кезеңінде Диана Ержанова 8:33 нәтижесімен төртінші орынды иеленді. Жүзу кезеңінен және екінші ауысым аймағынан кейін спортшымыз бірнеше саты төмендеді. Шешуші жүгіру кезеңінің алдында Ержанова 11-орында болды.
Нәтижесінде Диана Ержанова 34:25 уақыт көрсетіп, тоғызыншы орында мәреге жетті.
Алтын медальді қытайлық Синьюй Линь жеңіп алды – 31:34. Күміс жүлде Камбоджа өкілі Гарабедян Марго Морокого бұйырды – 32:00. Қола жүлдені тағы бір қытайлық спортшы Мэйи Лу иеленді – 32:32.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1206974?lang=kk

Жауап қалдыру