Бас консул «Достық аллеясының» ашылу рәсіміне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 сәуірде Астрахан қаласында Каспий теңізі және өзен көлігі институтының спорттық-сауықтыру лагері аумағында «Достық аллеясы» бой көтерді.

Салтанатты шарада институт директоры Ольга Карташова, Астрахан облысы Үкіметі Төрағасының орынбасары Илья Волынский, Бас консул Қанат Хасенов, Астрахан қаласындағы Иранның Бас консулы Ахмад Хейдариан, Түркменстан консулы Гадам Иламанов және Әзербайжан өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары білім беру саласында белсенді жұмыс істеп жатқанын, студенттермен алмасудың бірлескен бағдарламалары дамып, ғылыми-білім беру бағытында зерттеулер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қ.Хасенов бұл аллея халықтарымыз арасындағы тығыз байланыстың  символына айналуы тиіс екенін және болашақ ұрпаққа Каспий табиғаты, экологиясы мен өңірдің өркендеуі жолындағы ортақ жауапкершілігімізді еске салып тұратынын айтты.

Шараның негізгі сәттері – ағаштар мен сәндік өсімдіктерді отырғызу, сондай-ақ қатысушы елдер өкілдерінің ұрпақтар мен халықтар арасындағы ажырамас байланысты білдіретін «Келісім отын» жағу рәсімі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan/press/news/details/1206864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді