
Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов «Жанұя» отбасын қолдау орталығында жеке қабылдау өткізді.
Азаматтар тұрғын үй жанындағы жер учаскесінің үлесін рәсімдеу мәселесімен жүгінді, сондай-ақ оларды реконструкцияға құжаттарды тапсыру тәртібі қызықтырды.
Басқарма басшысының орынбасары жобалық ұйымдар барлық рұқсат беру құжаттарын ҚР Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес әзірлеу қажеттігін атап өтті. Аталған құжатта барлық талаптар анық әрі егжей-тегжейлі көрсетілген.
Аян Асқарұлы әрбір сұрақ бойынша ҚР заңнамасы мен Басқарманың құзыреті аясында түсіндірді.
Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де қабылдайды.
Қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1206653?lang=kk

Жауап қалдыру