
Ағымдағы жылдың 22 сәуірі күні Әйке ауылының М.Маметова, А.Қыңыртаев, Әйтеке би, Б.Алтай, С.Сейфуллин және Ә.Молдагулова көшелерінің тұрғындарының қатысуымен мал жайылымы бойынша кезекті жиыны өткізілді. Аталған жиында көше тұрғындары, ауыл әкімі М.Ж.Ергазиев және учаскелік полиция инспекторы Ж.С.Кенжебаев қатысты. Жиын барысында мал қараусыз жүрмеуі керектігі ескертіліп, заңнама аясында жолға, ауыл ішінде, темір жолға шыққан қараусыз мал иелеріне қолданылатын шаралар туралы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi-aike/press/news/details/1206709?lang=kk

Жауап қалдыру