
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ұлытау облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы бөлімінің басшысы С.Бижаксинның қатысуымен «Жеке тұлғалардың көлік салығы» тақырыбы бойынша брифинг өтті.
Брифинг барысында Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың көлік салығына қатысты негізгі мәселелер түсіндірілді. Көлік салығы жыл сайын төленетін міндетті төлем екені, 2026 жылы 2025 жыл үшін есептеліп, АЕК мөлшері 3 932 теңге негізге алынатыны айтылды. Сондай-ақ салық көлік құралы тіркелген барлық азаматтарға салынатыны, оның мөлшері қозғалтқыш көлемі мен пайдалану мерзіміне байланысты анықталатыны түсіндірілді. Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер қарастырылғаны, бірақ олар тек бір көлікке ғана қолданылатыны атап өтілді.
Сонымен қатар салықты төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірге дейін екені, төлемді банктердің мобильді қосымшалары, eGov порталы және басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болатыны айтылды. Брифинг қорытындысында салықты уақытылы төлеу қажеттігі ескертілді, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1206949?lang=kk

Жауап қалдыру