
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2025 жылы дәрілік заттардың бағасының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағаны реттеудің жаңартылған тетігі енгізілгенін хабарлайды.
4994 сауда атауына шекті бағалар белгіленді. Сонымен қатар, 1707 рецептісіз босатылатын дәрілік препараттар реттеуден шығарылып, тұрақты мониторинг жағдайында нарықтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады.
Егер дәрілік заттар көрсетілген бұйрыққа өзгерістер енгізілгенге дейін сатып алынып, дәріхана ұйымына жеткізілген болса, оларды өткізу бұрынғы бұйрық редакциясына (11.02.2025 жылғы) сәйкес қолданыста болған бағалар бойынша жүзеге асырылады.
Мысалы, «Кеторол таб №20» дәрілік затының бағасы бұрын 870 теңге болса, қазіргі уақытта 305 теңгені құрайды. Баға 565 теңгеге төмендеді.
«Нимесил №30 ұнтақ» дәрілік затының қазіргі бағасы 2894 теңге, бұрынғы бағасы 4870 теңге болған. Баға 1976 теңгеге төмендеді.
Белгіленген шекті бағалардың асып кету фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Мүмкін болатын заң бұзушылықтар туралы DariKZ, Naqty onim мобильді қосымшалары арқылы хабарлауға немесе «e-Өтініш» бірыңғай платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне (Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 80, тел.: 61-81-00) шағым жолдауға болады.
Барлық өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
Азаматтардан ресми ақпарат көздеріне және тексерілген деректерге сүйенулерін сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1207315?lang=kk

Жауап қалдыру