«Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған айлық шеңберінде Мемлекеттік еңбек инспекторлары ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК-ға барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 сәуірде «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған айлық шеңберінде Мемлекеттік еңбек инспекторлары ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК-ға барып, еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытындағы жұмыстармен танысты.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізіліп, қауіпсіз еңбек талаптарын сақтау жөніндегі заңнама нормалары, сондай-ақ еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, басқа қызметкерлерге үлгі болып жүрген кәсіпорынның техникалық инспекторы мен үш қызметкері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1206839?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді