
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев бастамасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорын толықтыруға бағытталған қайырымдылық акциясы өткізілді.
23 сәуір — Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында Павлодар облысы бойынша Уәкілдің өкілі Тарасенко И.В. Торайғыров университеті қолдауымен қылмыстық-атқару жүйесінің № 46 және № 63 мекемелеріне көркем әдебиет, сондай-ақ қазақ тілі мен тарихын оқытуға арналған оқу құралдарын табыстады.
ҚАЖ мекемелерінде кітап оқуға қолжетімділікті кеңейту мәдени құндылықтарды қалыптастыруға, сотталғандардың білім деңгейін арттыруға және олардың табысты әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1207075?lang=kk

Жауап қалдыру