Еңбек заңнамасын сақтау және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2026 жылғы 20 сәуірде Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары А.М. Валеев және С.Н. Мәді, сондай-ақ шаруа қожалықтарының өкілдері, кәсіпкерлер және ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларының қатысуымен семинар өткізілді.

Іс-шара барысында еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, үстеме жұмыстарға тарту тәртібі, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды жасасу, сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізу мәселелері қарастырылды.

Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, қатысушыларға өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1207029?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді