«Инватакси» қызметін кімдер пайдалана алады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Инватакси» қызметін кімдер пайдалана алады?

Қызмет мүгедектігі бар адамдарға арналған, олар:

  • жүріп-тұруы қиын;
  • жеке көмекшінің қызметін пайдаланатын;
  • өзін-өзі күту және мінез-құлқын бақылау қабілеті 2–3 дәрежеде шектелген ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдар.

Қызметті алу үшін мүгедектік мерзіміне берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) жарамды қорытындысы болуы қажет

Қандай құжаттар қажет?

  1. Жеке куәлік (немесе электрондық құжат).
  2. Мүгедектікті белгілеу туралы құжат.
  3. 026/у нысанындағы ДКК қорытындысы.

Қызметті қалай алуға болады?

  1. Тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беру (өзі немесе заңды өкілі арқылы).
  2. Сапарға өтінімді әдетте бір тәулік бұрын беру.
  3. Қажет болған жағдайда кешкі/түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері кезекші көліктер қызмет көрсетеді.

Қызмет кімдерге бірінші кезекте көрсетіледі?

  • Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдарға.
  • Оқушылар мен студенттерге.
  • Балабақшаға баратын балаларға (жұмыс/оқу кестесіне сәйкес).

Басқа азаматтарға — өтініш беру ретімен.

Қызметке не кіреді?

  • Диспетчердің өтінімді қабылдауы.
  • Арнайы көлікті ұсыну.
  • Қажет болған жағдайда отырғызу/түсіруге көмек.
  • Үйінен көлікке дейін жеткізуге көмектесу (еріп жүруші болмаса).
  • Көрсетілген мекенжайға дейін жеткізу (бір еріп жүрушімен бірге).

Ақтөбе облысы бойынша қайда жүгінуге болады?

Облыста 150-ден астам инватакси көлігі жұмыс істейді.

Ақтөбе қаласы

  • «InvaPark» ҚБ — Болашақ шағын ауданы, Бөкенбай батыр көшесі 133/1, тел. 87015242635
  • «Ерекше тандау» ЖШС — Заречный 4, уч. 277А, тел. 87785505581
  • «Ғажап» ҚБ — А.Иманов көшесі 2, тел. 87014483880
  • «Аққу» ҚБ — Ақтөбе қ., Алтын Орда-2, Тәуелсіздік көшесі, 5 үй,  б.тел:. 8705 656 2054, 8707 639 9829.

Аудандар

  • Алға ауданы, «Аққу» ҚБ — Алға қ., С.Сейфуллин көшесі 19-54, тел. 87053787281;
  • Әйтеке би ауданы, «Ғажап» ҚБ — Т.Жүргенов ауылы, Тәуелсіздік 95, тел. 87778415930;
  • Байғанин ауданы, «Мұрат» КБ — Қарауылкелді кенті, Д.Қонаев көшесі 36, тел. 87026963864;
  • Ырғыз ауданы, «QOLDAU EVENT» ЖҚ – 87767843986
  • Қарғалы ауданы, «Ақтөбе дамуы» ҚБ — Бадамша кенті, Әбілқайыр хан көшесі 43, тел. 87072674009;
  • Қобда ауданында — «Қайсар тұлға» ҚБ – 87757307030
  • Мәртөк ауданы, «Ғажап» ҚБ — Т.Жүргенов ауылы, Тәуелсіздік 95, тел. 87778415930;
  • Темір ауданы, «PROF CONTACT» ҚҚ —, Тәуелсіздік көшесі 16, тел. 87053830217
  • Мұғалжар ауданы, «Нұр-Алем» ҚҚ — Қандыағаш қ., Алтынды көшесі 78, тел. 87712044112, «PROF CONTACT» ҚҚ — Тәуелсіздік көшесі 16, тел. 87053830217
  • Ойыл ауданы, «Ғажап» ҚБ — Т.Жүргенов ауылы, Тәуелсіздік 95, тел. 87778415930;
  • Хромтау ауданы, «Хромтау қаласының мүгедектер қоғамы» ҚБ — Хромтау қ., Ш.Уәлиханов көшесі 3А, тел. 87059181980
  • Шалқар ауданы, «Шалқар саясы» ҚБ — Шалқар қ., Құлбатыр көшесі 8А, тел. 87029045419

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1206860?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді