Кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаев аумақтық инспекциялар өкілдерінің, аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциялары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Отырысқа ҚР АШМ Ветеринариялық қадағалау және бақылау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Б.Б. Қайыпбай да қатысты.

Кеңесте ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялауға дайындау, биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және мемлекеттік тапсырыс жоспарын түзету мәселелері қаралды.

Т.К. Иманбаев вакцинацияны уақтылы жүргізуді, ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтауды және жергілікті жерлерде жұмысты тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Кеңес қорытындысы бойынша негізгі міндеттер мен оларды орындау мерзімдері айқындалды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1206829?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді