КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ӘКІМ КУБОГІ ҮШІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ӘКІМ КУБОГІ ҮШІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
 
Кентау қаласында кіші футболдан қала әкімінің кубогіне арналған республикалық турнир өтті.
Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды.
Жарысқа Түркістан облысы, Шымкент, Алматы және Қызылорда қалаларынан 10-нан астам команда қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде І орынды «ДВД Түркістан» командасы иеленсе, ІІ орынды Шардара командасы, ал ІІІ орынды Қызылорда қаласының «Ақмади» командасы еншіледі.
Сонымен қатар, турнир аясында үздік ойыншылар да арнайы номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік қорғаушы» – Абилов Данияр Кентау ИСМА командасы, «Үздік қақпашы» – Бақытжанұлы Абдулла «ДВД Түркістан» командасы , «Үздік шабуылшы» – Маметов Мухаммедали «Қызылорда» командасы, «Үздік ойыншы» – Оқап Ахмет Шардара командасы. Аталған жарыс өңірдегі спорттың дамуына серпін беріп, жастардың белсенді өмір салтын ұстануына ықпал ететін маңызды бастамалардың бірі.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1206636?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді