Мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратомар ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруа және фермер қожалықтарының басшыларымен кездесу өтті.

Іс-шара барысында округ аумағында өсімдік шаруашылығы саласында қызмет атқаратын ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері шақырылып, олармен мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге қатысушыларға ауылдық округ әкімі аппараты ұсынатын мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық материалдар таратылды.

Мұндай іс-шаралар халықтың ақпараттандырылуын арттыруға және ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul-karatomar/press/news/details/1207173?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді