“Мы из Беловодска!”атты кітабының тұсаукесер рәсімі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ертіс ауданы, Иса Байзақов ауылындағы Байзақов ауылдық кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында Геннадий Гаврилович Сокуренко мен Ирина Александровна Дьяченко-Винтердің «Мы – из Беловодска!» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Роза Қабиболлақызы Аканова, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Гулдана Ақылбекқызы Сәрсембенова, Байзақов ауылының әкімі Арман Анарбекұлы, Ертіс ауданының Құрметті азаматы Самат Мәненұлы Маненов, сондай-ақ кітап авторы Геннадий Гаврилович Сокуренко қатысты. Кездесу барысында Беловодск совхозының тарихын бейнелейтін «Туған жердің тынысы» атты фотокөрме ұйымдастырылып, кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Іс-шараның көркін Ы.Айтимбетова мен Бердіғұл Нұргелді орындаған әндер аша түсті. Жылы атмосферада өткен кездесу туған жерге деген құрмет пен өткенге тағзымды жаңғыртып, көпшіліктің жүрегінен орын алды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis-baizakov/press/news/details/1207335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді