
Бүгін 2026 Өңірлік экологиялық саммиті аясында Қазақстан QaJET энергетикалық өткелінің инвестициялық платформасының іске қосылғаны туралы хабарлады. Платформа таза энергетиканың дамуын жеделдетуге және елдің Климаттық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
2035 жылға дейін кемінде 10 ГВт ЖЭК қуатын енгізу, шамамен 20 млрд доллар инвестиция тарту және шығарындыларды жыл сайын 20 млн тоннадан астам қысқарту жоспарлануда.
Меморандумға ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Экология Министрі Ерлан Нысанбаев және Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің өкілі Хусейн Өзхан қол қойды.
QaJET инвестицияларды тартудың және төмен көміртекті экономикаға көшуді іске асырудың негізгі құралы болады, сондай-ақ Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа бағдарын растайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207418?lang=kk

Жауап қалдыру