
ҚАЛА ӘКІМІ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде мамыр айында өтетін мерекелік іс-шараларға дайындық барысы және қаладағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері қаралды.
Алдымен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұр Байболова алдағы 1, 7 және 9 мамыр мерекелеріне дайындық барысын баяндады. Қалада Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне орай бірқатар мәдени және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, «Ынтымақ» алаңында мерекелік концерт, жастардың қатысуымен патриоттық шаралар, этномәдени орталықтармен кездесулер, сондай-ақ Қарнақ ауылында «Достық үйінің» ашылуы жоспарланған.
Қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сапар Апашов қала қауіпсіздігі аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және интернет-алаяқтыққа қарсы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында жастармен кездесулер, түнгі рейдтер және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты сала басшыларына мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді және құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1206646?lang=kk

Жауап қалдыру