
Партияның «AMANAT» фракциясының отырысында қалалық коалицияның белсенді мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлестері үшін атап өтіліп, алғыс білдірілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хаттарымен қалалық мәслихат төрағасы Баймағанбетов О.З., қалалық мәслихат депутаттары Жаяубаев Ж.К., Тажибаева Н.С., Майпасова Б.Е., қоғам пікірінің көшбасшысы Тұртбаева Г.А., «AMANAT» партиясының қалалық филиалының кеңесшісі Аяганова А.К., «Жастар Рухы» партиясының жастар қанатының мүшесі Қанапиянова А.О. марапатталды.
Сондай-ақ жалпыұлттық коалиция төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың Алғыс хаттарымен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Тлекбаев С.К., Токушева Ж.М., Ханафина Г.К., Танирберген А.А., Мирошниченко О.Ю., Орынбек А.Б., Абдрахманова К., Жексембаев М.А. марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/press/news/details/1206833?lang=kk

Жауап қалдыру