Қазақ күресі бойынша жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты бүгін өңірімізде өз бастауын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталмыш дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 400-ге жуық жас балуан қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Бұл жарыс – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына, сондай-ақ ұлттық спорттың дамуына серпін беретін маңызды алаң.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты белдесулермен өтуде. Әрбір белдесуде балуандар намыс пен жігерді ту етіп, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлауда.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Жеңіс тұғырынан көрінер күндеріңіз көп болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1206732?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді