Қонаев қаласының мәслихаты жұмыс жасауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 23 сәуірде, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезекті LХІІ сессиясы өтті.
 
Бірлескен отырыс барысында қала мен ауылдық округтердің аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық жағдайы, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару инфрақұрылымының жай-күйі, кәріздік-тазарту жүйелері мен инженерлік инфрақұрылым мәселелері қаралды. Сонымен қатар мәдениет, спорт және бұқаралық демалыс нысандарын дамыту, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу, қала әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамдарын бекіту және өзгерістер енгізу, сондай-ақ өзге де маңызды мәселелер талқыланды.
 
Одан кейін өткен кезекті сессияда 2025 жылға арналған қала және Шеңгелді ауылдық округі бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Аталған мәселе бойынша Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі депутаттарды жүргізілген тексеру қорытындыларымен таныстырып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
 
Сессия барысында Қонаев қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралып, мақұлданды. Аталған өзгерістер қаланың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жүйелі түрде жетілдіруге, сондай-ақ аумақтарды тиімді жоспарлауға бағытталғаны атап өтілді.
 
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1207244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді