ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Словак Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-Қоршаған орта министрі Томаш Тарабамен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ОЭС – 2026 алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев Словак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қоршаған орта министрі Томаш Тарабамен кездесті.

Екіжақты кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Словак Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар климаттың өзгеруін, орман шаруашылығын дамытуды, биоәртүрлілікті сақтауды, сондай-ақ заманауи экологиялық технологияларды енгізуді және бірлескен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Министр словак тарапына орман қорының аумағын ұлғайту бойынша қабылданып жатқаншаралар туралы хабарлады.

Сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз етуді және жабық тамыр жүйесі бар орман питомниктерін дамытуды қоса алғанда, орман өсіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты қазақстандық тарап тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды дамытуға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ, көміртегі бірліктерін құқықтық реттеу және есептеу әдістемесі мәселелерін қоса алғанда, көміртегі жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Еуропалық Одақтың стандарттарын ескере отырып, қалдықтарды басқару саласында экологиялық қауіпсіз шешімдерді енгізу және дөңгелек экономика қағидаттарына көшу мәселелері жеке қаралды. 

Өз кезегінде Томаш Тараба Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдіріп, словак тарапының тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайындығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады және өзекті экологиялық міндеттерді шешуде одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207432?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді