2026 жылғы 23 сәуірде Жітіқара ауданы әкімі аппаратының үлкен залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Б.Бағлайдың мемлекеттік қызметшілермен және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсу шарттарын түсіндіру.
Кездесу барысында Б.Бағлай магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары, құжаттарды қабылдау мерзімі және кандидаттарға қойылатын талаптар, қажетті құжаттар тізімі, сондай-ақ үміткерлерді іріктеу рәсімі туралы толық ақпарат берді.
Барлық қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1207311?lang=kk

Жауап қалдыру