САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бүгін кезектілік тәртібімен жазылған аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, әр мәселенің шешу жолдары қарастырылды. ды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Тұрғындар жер, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
-Біздің мақсатымыз – жеке қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін қанағаттандыру. Алайда, әр мәселе заң аясында шешілуі тиіс екенін де ескерткім келеді,-деді Арман Абдуллаев.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.Сондай-ақ аудан басшысы қабылдауда әрбір тұрғынның өтініші аяқсыз қалмай, жіті бақылауда болатынын атап өтті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1207451?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді