Ауданның орталығы Темірбек Жүргенов ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.
Іс-шараға мекеме және бөлім қызметкерлері, сондай-ақ белсенді жастар қатысып, барлығы 567 адам жұмылдырылды.
Сенбілік жұмыстары үш негізгі бағыт бойынша жүргізілді:
Бірінші бағыт –Т.Жүргенов көшесінің басынан бастап полигонға дейінгі аралықты қамтыды. Бұл аумақта жол бойы тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.
Екінші бағыт – Бірінші бөлімше аумағында ұйымдастырылды. Қатысушылар орман жолағындағы қоқыстарды қапшықтарға жинап, аумақты ретке келтірді.
Үшінші бағыт – Орталық саябақта жүзеге асырылды. Саябақ іші тырмаланып, сыпырылып, барлық қоқыс толықтай жиналды.
Сонымен қатар, трасса бойын көгалдандыру мақсатында 300 түп көшет отырғызылды.
Аталған шара қоршаған ортаны қорғауға, тазалық мәдениетін арттыруға және туған жерге жанашырлық танытуға бағытталды.
Экологиялық акция аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1207389?lang=kk

Жауап қалдыру