Таза Қазақстан: Елордада 200-ден астам тұрғын мен волонтер ауқымды экоакцияға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 200-ден астам волонтер мен қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Есіл өзенінің жағалауын тазалауға шықты. Бастамаға «Астана жастары» мен «Жастар рухы» ұйымдарының еріктілері, сондай-ақ Сарыарқа және Нұра аудандарының белсенді тұрғындары қатысты.

 

«Мен тазалық акцияларын үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып келемін. Бұрын адамдар көбіне әлеуметтік желіде қолдау білдіріп, іс жүзінде қатысу аз болатын. Ал бүгін еріктілер, тұрғындар көп шыққанын байқауға болады. Біздің жеріміз өте әдемі, оны сақтауымыз керек. Осындай акциялар жиі өтіп, оған қатысатындар саны көбейе береді деп сенемін», — деді акция бастамашысы, эко-белсенді Эльмира Исабаева.

 

Акция барысында қатысушылар Есіл өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. @challenge_taza_otan бастамасын Сарыарқа және Нұра аудандарының әкімдіктері қолдап, ұйымдастырушылық көмек көрсетті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1206721?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді