Тереңөзек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          «Таза Қазақстан» акциясы аясында Тереңөзек ауылдық округінде 18 сәуір күні тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шара барысында округ аумағындағы скверлер, аллеялар және саябақтардың ішкі аумақтары күл-қоқыстан толықтай тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне ерекше көңіл бөлінді. Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және белсенді жастар атсалысып, туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
          Сонымен қатар, қоғамдық орындар ретке келтіріліп, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.  Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-terenozek/press/news/details/1207275?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді