«Титан» «Тобылды» шаң қаптырды, ал «Достар» «МКҚБ» -дан басым түсті: хоккей шайқасының тартысты бастамасы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Титан» «Тобылды» шаң қаптырды, ал «Достар» «МКҚБ»-дан басым түсті: хоккей шайқасының тартысты бастамасы!

«ARLAN» спорт клубының қолдауымен тәртіп сақшылары арасындағы Республикалық турнирдің алғашқы ойын күні ресми түрде басталды.

Конькилердің сықырлауы, ғаламат жылдамдық пен көрермендердің ыстық қошеметі!

Бағдарламаны турнир қожайындары — ШҚО ПД «Титан» командасы мен Қостанай облысынан келген қонақтар — «Тобыл» командасы ашты. Шығысқазақстандық полицейлер алғашқы минуттардан бастап қарсыласқа дес бермей, 22:2 есебімен айқын жеңіске жетті!

Ойынның қызуын «Достар» (СҚО ПД) мен «МКҚБ» (ҚР ІІМ) хоккей командалары одан әрі қызықтыра түсті. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тамаша үйлесімділік көрсетіп, матчты 16:2 есебімен өз пайдасына тамамдады.

Турнир енді ғана қызып келеді, ал әрбір келесі ойын одан да тартысты болатыны сөзсіз!

Барлық жанкүйерлерді мұз айдынына ойынды тамашалауға шақырамыз! Қатысушыларды қолдап, нағыз мұз үстіндегі шайқастардан ерекше әсер алуға келіңіздер.

Эмоциялар тасып, доданың қызуынан мұздың өзі еріп жатыр! Қапы қалмаңыздар!

                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1206563?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді