Түнгі уақыт – балалар үшін емес: Cарыарқа ауданында 300-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыарқа ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі және түнгі рейдтер күшейтілді.

 

Бақылау жасөспірімдердің сағат 23:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеде болуы және сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында жүруіне бағытталған. Тексерулер кәмелетке толмағандардың ең жиі шоғырланатын орындары мен уақыттарын ескере отырып, нысаналы түрде жүргізіледі.

 

Алғашқы анықталған жағдайда ата-аналарға ескерту беріледі, қайталанған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген. Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша 300-ден астам заңды өкіл жауапкершілікке тартылды.

 

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды тыйым салынған уақытта кіргізгені үшін 20-ға жуық ойын-сауық мекемесі жазаланды.

 

Іс-шараларға еріктілер, аудандық прокуратура мен полиция басқармасының өкілдері, сондай-ақ аудан әкімдігі белсенді қатысуда.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1206729?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді