
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 13 МАУСЫМДАҒЫ N 211 ЗАҢЫ.
ТУРИСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ТУРИСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристің:
-
өзінің жеке басына немесе мүлкінің қауіпсіздігіне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге өтінішпен жүгінуіне;
-
уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың әдет-ғұрпы туралы, діни салт, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті және дұрыс ақпарат алуға;
-
еркін жүріп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристік ресурстарға еркін қол жеткізуге;
-
туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристік қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтірілген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелуіне;
-
шұғыл медициналық жәрдем алуға;
-
шетелдік туристердің құқықтық көмек және көмектің өзге де түрін алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жәрдемдесуіне;
-
туристердің қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізуіне құқығы бар.
Туристердің өзге құқықтары болатын елдің (жердің) заңдарымен айқындалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1207266?lang=kk

Жауап қалдыру