Ұлттық кітап күні!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Артық білім – кітапта»– демекші, бүгін рухани және адами құндылықтарды дәріптеп, оқырман санасында жаңғыртар – Ұлттық кітап күні!

Өткеннің шежіресін тарқатып, бүгінгі дәуір үнін сипаттайтын кітап-сан ғасырлық білім мен ақылдың кеніші.

Барша оқырманды Ұлттық кітап және кітапханашылар күнімен құттықтаймын!Кітап әлемінің шырақшылары -кітапханашыларға сарқылмас шабыт, мәдениетті де саналы оқырман тілеймін.

Кітап оқып, рухани құндылығын молайтар ізденімпаз оқырмандар қатары артып, зерделі шәкірттер мен зерек жастар көбейе берсін.

Кітапқұмарлық дәріптелген бұл күні

кітапқа деген сүйіспеншілік артып, әр шаңырақта руханияттың шамы сөнбесін!

Сіздерге деген құрметпен,

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1207059?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді