XIV сессия аңдатпасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Федоров ауданының тұрғындары!

2026 жылғы 24 сәуірде сағат 10:00-де Facebook әлеуметтік желісінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100082412589053) Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХIV сессиясының онлайн-трансляциялауы өтеді.

Сессия отырысында мынадай мәселелер қаралады:

  1. Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2025 жылы атқарылуы туралы.
  2. Федоров ауданы ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылы атқарылуы туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1206956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді