
🔱Ауданымызда инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар аясында Төрткүл ауыл округіне қарасты Жайылма ауылы табиғи газбен қамтылып, тұрғындар көптен күткен игілікке қол жеткізіп, 60 абонент көгілдір отынға қосылды.
🔱Аталған маңызды оқиғаға орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, мердігер мекеме – «Евро-Құрылыс» ЖШС өкілдері, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты.
🔱Іс-шара барысында аудан басшысы Азат Оралбаев ауыл тұрғындарын құттықтап, бұл бастама елді мекендердің тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі екенін атап өтті. Өз кезегінде ауыл тұрғындары қуаныштарын білдіріп, атқарылған жұмыстар үшін алғыстарын жеткізді.
🔱Айта кетейік, Жайылма ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы нәтижесінде Ордабасы ауданындағы газдандыру деңгейі артып қамту көрсеткіші 77,2 пайызға жетіп отыр.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1206596?lang=kk

Жауап қалдыру