📌СҚО-ның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әсет Жұматаев және Әдеп жөніндегі уәкіл — департамент басшысының орынбасары Самат Барменбаев жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
⚡️Сапар барысында Айыртау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен жұмыс кеңесі өткізілді.
✨Кеңесте инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды сапалы әрі уақтылы қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сондай-ақ профилактикалық егулермен қамту, оның ішінде АПВ-ға қарсы вакцинация мәселесіне ерекше назар аударылды.
✨Халық арасында, оның ішінде иммундаудан бас тартатын тұлғалар арасында басқарылатын инфекциялардың иммунопрофилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді.
⚡️Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті белгіленген мерзімдерде, жиілікте және көлемде жалғастыру тапсырылды.
⚡️Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз қамтамасыз ету мақсатында балаларды сауықтыру ұйымдарына тиісті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу тапсырылды.
✨Сондай-ақ туристік нысандарда (демалыс аймақтары, жағажайлар, санаторийлер, лагерьлер және т.б.) санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау тапсырылды.
📌Әдеп жөніндегі уәкіл — департамент басшысының орынбасары С.М. Барменбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын түсіндірді.
⚡️Кеңес соңында мемлекеттік қызметшілер диалог форматында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1207804?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді