📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында «Игілік», «Береке» және «Жайлау» жеңілдетілген кредиттік өнімдері бойынша құжат қабылдау басталды.

📍 «Игілік» бағдарламасы:

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға арналған:
• жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 6%-дан аспайды;
• несиелеу мерзімі — 7 жылға дейін;
• қамту көлемі — 100-ден 499 басқа дейін;
• қаржыландыру сомасы — 1 млрд теңгеге дейін.

📍 «Береке» бағдарламасы:

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға арналған:
• жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 6%-дан аспайды;
• несиелеу мерзімі — 7 жылға дейін;
• қамту көлемі — 500 бастан жоғары;
• қаржыландыру сомасы — 5 млрд теңгеге дейін.

🔹 Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты:
– асыл тұқымды мал басын көбейту;
– селекциялық-асылдандыру жұмыстарын күшейту;
– мал өнімділігін арттыру;
– экспортқа бағдарланған сапалы ет өндірісін ұлғайту.

🔸 Бағдарламалар арқылы шаруашылықтарды дамытуға нақты мүмкіндік бар — мал алып, табысты өсіруге жол ашылады.

📄 Құжаттарды қабылдау орны:
Аграрлық несие корпорациясы

📍 Алматы қаласы, Ораза Жандосов көшесі, 136
📍 Қонаев қаласы, Қонаев даңғылы, 18Г
📞 +7-775-007-68-07
☎️ 14-08

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-turgen/press/news/details/1208110?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді