
2026 жылдың 2 сәуірінде Департамент басшысының орынбасары Гүлмира Бауыржанқызы Ысқақова Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, сондай-ақ аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдерімен кеңес өткізді.
Кеңес барысында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша «Amanat» партиясының Жол картасын іске асыру, сондай-ақ оңалту мен қызмет көрсетуді техникалық құралдармен қамтамасыз ету бөлігінде абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламаларының іс-шараларын орындау мәселелері қаралды.
Кездесу барысында аталған іс-шараларды іске асыру тәртібі, белгіленген мерзімдер мен талаптардың сақталуы, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1207598?lang=kk

Жауап қалдыру