2026 жылғы 24 сәуірде «Европалық иммундау апталығы» аясында «Нейрон» медициналық орталықта вакцинацияның маңыздылығы туралы ашық есік күні өткізілді. Аталған іс-шарада Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г. Шорбасова баяндама жасады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ашық есік күні қарсаңында профилактикалық егуден бас тартып жүрген ата – аналарға «Нейрон» медициналық орталығының бөлім басшылары, дәрігерлер, эпидемиологтар, қалалық мешіттің имамдары жауап берді.

Кездесу барысында иммунопрофилактиканың маңыздылығы, екпеден бас тартудың қауіп-қатері, сондай-ақ ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген соңғы өзгерістер кеңінен қарастырылды.

Мамандар вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді әрі қауіпсіз әдістердің бірі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1208095?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді