«AgroSkills Abay-2026»: Болашақ аграршылардың додасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     2026 жылғы 23 сәуір күні Абай облысының Ақсуат ауданында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттері мен жас мамандары арасындағы «AgroSkills Abai-2026» IV өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шара — ауыл шаруашылығы саласындағы кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру, жастар арасында аграрлық мамандықтарды дәріптеу және озық халықаралық стандарттарды оқу процесіне енгізу мақсатында ұйымдастырылып отыр.  Ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының өкілдері, Ақсуат ауданының әкімдігі және ардагер ұстаздар қатысушыларға сәттілік тілеп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жас мамандардың рөлін атап өтті.

Қатысушылар географиясы: Биылғы чемпионатқа Абай облысының түкпір-түкпірінен келген 8 колледждің ең үздік 30 студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері жиналды.

Серіктестік: Шараға ірі агроөнеркәсіптік кешен өкілдері мен жұмыс берушілер қатысып, жас мамандардың жұмысына сараптама жасамақ. Жарыстың басым бағыттары:

Чемпионат аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақ сынайды:

  1. Ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану және жөндеу.
  2. Ветеринария және мал шаруашылығы негіздері.
  3. Агрономия және заманауи егіншілік технологиялары.

«Agroskills Abai 2026» — бұл жай ғана жарыс емес, бұл болашақ аграрлық мамандардың тәжірибе алмасу алаңы. Біздің облыс — аграрлық аймақ, сондықтан бізге инновациялық ойлай алатын, техниканың тілін білетін жас мамандар ауадай қажет», — деп атап өтті Абай облысы білім басқармасының басшысы Б.А. Ердембеков.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар республикалық «Agroskills Kazakhstan 2026» чемпионатына жолдама алып, өңірдің ірі агрохолдингтерінде тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1207499?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді