Алматыда жастарды қолдауға арналған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда осал санаттағы жасөспірімдер мен жастарды қолдауға және әлеуметтендіруге бағытталған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы іске қосылды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Бағдарлама ата-ана қамқорлығынсыз қалған және өмірінде қиындық болып жатқан жастардың практикалық дағдысын қалыптастырып, олардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға бағытталған.

Қатысушылар бариста, аспаз, шаштараз және мобилограф сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстардан өтеді.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 120-дан астам жасөспірім оқудан өтті. Олардың едәуір бөлігі курстарды сәтті аяқтап, жұмысқа орналасты.

Биыл жоба аясында оқыту бағыттарын кеңейтіп, қатысушылар санын арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қатысушыларға жұмысқа орналасу, жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезеңдерінде қолдау көрсетіліп, тәлімгерлермен және жұмыс берушілермен өзара байланыс орнатылады.

Басқарма мәліметінше, бұл бастама жастар үшін тең мүмкіндік қалыптастыруға және қаладағы әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1207844?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді