Астанада мектеп оқушысы ұлу өсіріп, табыс тауып отыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектепте тірі табиғатты зерттеуге бағытталған оқу-зерттеу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Сол жобаның аясында 8-сынып оқушысы Сафия Болдина үй жағдайында ұлуларды өсірумен айналысып, өз тәжірибесін мектептегі зерттеу жұмысында қолданып жүр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сафия екі жылдан астам уақыт бойы ұлулардың тіршілігін бақылап келеді. Қазіргі таңда оның коллекциясында ахатина және ретикулята түрлеріне жататын 500-ден астам ұлу бар. Оқушының айтуынша, оның ұлуларын қаламыздағы сұлулық салонының косметологтары сатып алады. Тіпті Сафияның тұрақты клиенттері де бар.

Оқушының бұл бастамасын ата-анасы қолдап қана қоймай, жақында өзі оқитын мектепте осы тәжірибе негізінде «Террариум – тірі зертхана» жобасы әзірленді. Жоба барысында тірі ағзалардың табиғи ортаға жақын жағдайы жасалып, оқушылар олардың тіршілігін, өсуін және мінез-құлқын бақылады. Сонымен қатар, бұл жұмыс биология, химия және экология пәндері бойынша білімді тәжірибе арқылы бекітуге бағытталған.

Қазіргі таңда мектепте арнайы Террариум аймағы жасалып, жаңа жоба белсенді түрде іске қосылды.

Бұл бастама оқушыларға табиғатты тереңірек тануға, ғылыми зерттеу дағдыларын дамытуға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1208018?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді