Астрахан аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында қызметтік әдеп, құқық бұзушылықтардың және лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Садвакасова Астрахан аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, лудоманияның алдын алу болды.
 
Кездесу барысында Сәуле Садвакасова Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің бұлжымас міндеті екенін атап өтті. Ол қызметтік және қызметтен тыс уақытта да мінез-құлық мәдениетінің жоғары деңгейін ұстанудың маңыздылығына тоқталып, азаматтармен қарым-қатынастағы әдептілікке, ашықтыққа және мүдделер қақтығысына жол бермеуге ерекше назар аударды.
 
Сонымен қатар әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен қарастырылды. Қатысушыларға заңнама талаптарын бұлжытпай сақтаудың маңызы түсіндіріліп, ықтимал құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және олардың алдын алу тетіктері баяндалды.
 
Кеңес аясында лудоманияның алдын алу мәселелері де талқыланды. Аталған құбылыстың жеке тұлғаға да, қоғамға да кері әсері бар екені атап өтіліп, бұл бағытта жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлер өзекті сұрақтарына жауап алып, қызмет сапасын арттыруға және мемлекеттік органдарға деген халық сенімін нығайтуға бағытталған практикалық ұсынымдар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1208355?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді