Аудан әкімі көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысу мақсатында Алакөл ауданының әкімі А.Абдинов бірқатар шаруа қожалықтарының егіс алқаптарын аралап, көктемгі науқанның жүргізілу барысымен танысты.

Алдымен Жыланды ауылдық округіне қарасты Абдрахманов Қ. шаруа қожалығында болып, жаздық бидай дақылын алдыңғы қатарлы технология негізінде шетелдік John Deere техникаларымен себу жұмыстарының басталуымен танысты. Заманауи техниканы пайдалану арқылы егіс жұмыстары сапалы әрі уақытылы атқарылуда.

Сонымен қатар, «Жазылбеков и К» ұжымының жұмыс барысы қаралды. Биыл 1500 гектар сүдігер дайындалып, ерте көктемгі ылғал тиімді пайдаланылып, жер өңдеу жұмыстары толық агротехникалық талаптарға сай жүргізілуде. Культивация және компактор арқылы топырақ өңделіп, жаздық бидай себуге дайындық сапалы ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, «Беков А.» шаруа қожалығында жоғары өнім алудың басты тетігі саналатын ылғал сақтау технологиялары мен заманауи тәсілдер қолданылуда. Қожалық шетелдік «Class» техникалары мен төрт операцияны қатар атқаратын тіркемелер арқылы алдыңғы технология үлгісімен жаздық бидай себу жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімі Жетісу облысы бойынша маңызды бағыттардың бірі саналатын қант қызылшасы өндірісіне де ерекше назар аударды. Осы ретте тәтті түбір өсірумен айналысатын «Болат Групп» ЖШС алқабында болып, тамшылатып суғару технологиясының қолданылуы және 300 гектар алқапта тұқым себу жұмыстарының барысымен танысты.

Аралау барысында аудан әкімі көктемгі дала жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы ауыл шаруашылығы өнімділігін арттырудың негізгі кепілі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1207820?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді