Ауыл дамуы – басты назарда: Мәртөктің жаңа мүмкіндіктері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәртөкте өңір басшысы жуырда ашылған өнер мектебі мен өрт сөндіру депосын да аралап, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен және жұмыс жағдайларымен танысты. Сапар барысында ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуының алдағы бағыттары талқыланды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде ауылдық аумақтарды дамыту және ауылдағы өмір сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Қалаға жақын тиімді географиялық орналасуын ескере отырып, Мәртөк ауданының одан әрі дамуына және инвестиция тартуға қосымша мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда аудан денсаулық сақтау, білім беру жүйесін жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кешенді түрде дамып келеді. Жол желісін жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру мақсатында алдағы уақытта да жүйелі түрде жүзеге асырылады», – деді облыс әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/1207935?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді