Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға қала тұрғындары (ЖМБМК) ЕГКН жүйесі арқылы жер учаскесін беру, білім беру нысанын кеңейту мақсатында жер учаскесін сатып алу, пәтерлерді тұрғын емес үй-жайға реконструкциялау секілді мәселелермен жүгінді. Сондай-ақ, Басқарма басшысы тұрғын емес үй-жайды реконструкциялау үшін қандай құжаттар қажет екендігін түсіндірді.

Жоба алдындағы барлық құжаттама ҚР Құрылыс нормалары мен ережелерінде бекітілген талаптарға сәйкес келісіледі.

Еске саламыз, Басқарма басшысы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де қабылдайды.

Қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1207878?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді