
22 сәуір күні Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс XLVІІI сессиясы өтті.
Аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVІІI сессиясы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарына аудандық мәслихатының депутаттары, Майқайың кенті мен ауылдық округтерінің әкімдері және ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі 2026-2028 жылдарға арналған Майқайың кенті мен Баянауыл, Ақсан, Бірлік, Жаңатілек, Қаратомар, Қызылтау, Сәтбаев, Торайғыр, Ұзынбұлақ
ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-bayanaul/press/news/details/1208200?lang=kk

Жауап қалдыру