Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қанат Ысқақов Asfendiyarov University базасында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
 
Студенттермен әңгімелесу барысында ол санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде білікті, жауапты және өз ісіне адал мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті, сондай-ақ бұл саланың халықтың денсаулығын сақтау мен санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етудегі айрықша маңызын ерекше жеткізді.
 
Департамент өз кезегінде түлектер мен жас мамандарды халық денсаулығын қорғауға және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында еңбек етуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1208331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді