
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы ұлттық Alem.AI Battle байқауының және мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Мемлекеттік органдар арасындағы үздік ИИ-шешімдер байқауында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «AI Экономика» жобасы жеңіске жетті.
AI Governance Cup — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің стратегиялық бастамасы. Ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Байқау мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект саласындағы озық шешімдерді анықтау мен қолдауға бағытталған.
Аталған бастама мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда ИИ-шешімдерді енгізуді ынталандыруға, соның ішінде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, процестерді оңтайландыруға және цифрлық трансформацияны жеделдетуге бағытталған.
Байқау аясында алты негізгі бағыт бойынша жобалар ұсынылды: AI Азаматтарға Қызмет, AI Экономика, AI Әлеуметтік Саясат, AI Қауіпсіздік, AI Өңір және AI Квазисектор.
Жеңімпаз атанған БҚДА-ның «AI-Internal Audit» жобасы Агенттіктің жабық контурында жұмыс істеуге арналған шешім қабылдауды қолдайтын интеллектуалды жүйе. Жүйе болжамды талдау технологияларына негізделген және негізгі дереккөз ретінде ішкі архивтер мен есептік мәліметтерді пайдаланады. Ол деректерді автоматтандырылған талдау модульдерін, бірыңғай Data Lake деректер қоймасын қалыптастыруды және ауытқуларды анықтау құралдарын қамтиды.
Жүйені енгізу Агенттіктің ішкі бизнес-процестерін цифрлық трансформациялауға, есептіліктегі техникалық қателер санын азайтуға және қызметкерлер жүктемесін тиімді бөлуге бағытталған.
AI-Internal Audit жүйесін қолдану әртүрлі бөлімшелерден келетін деректерді өңдеу мен біріктіру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ басшылықты нақты уақыт режимінде талдамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде процестердің ашықтығын арттырып, басқарушылық шешімдердің сапасын жақсартады.
Жобаның жеңісі мемлекеттік секторда жасанды интеллектті енгізу әлеуетін растап, цифрлық шешімдердің мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырудағы практикалық маңызын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1208151?lang=kk

Жауап қалдыру