
Атырау облысында мал шаруашылығы саласындағы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде бруцеллезге қарсы профилактикалық шараларға ерекше назар аударылуда.
Жыл басынан бері бруцеллезге қарсы 1 121 473 бас малдан қан алу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 257 729 бас малдан қан алынып, зертханалық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде ірі қара малдың 93 басынан, ал ұсақ малдың 76 басынан оң нәтиже анықталды.
Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында ветеринариялық талаптарға сәйкес тиісті шектеу және сауықтыру шаралары қабылдануда.
Сонымен қатар, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларын түрлі жұқпалы аурулардан қорғау мақсатында 3 292 048 доза вакцина бөлініп, оның 912 549-ы егілді.
Мамандардың айтуынша, ветеринариялық алдын алу шаралары мал шаруашылығының қауіпсіз дамуына және өңірдегі эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтауға негіз болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1207713?lang=kk

Жауап қалдыру