
Ағымдағы жылғы 23 сәуірде Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуы қарсаңында «Чернобыль одағы» Солтүстік Қазақстан облысының мүгедектер қоғамдық бірлестігі мүшелерінің кездесуі өтті. Оған Қорғаныс департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Басқармалар мен Ардагерлер кеңестерінің өкілдері қатысты.
Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, қаза тапқан қатысушылардың отбасыларына салтанатты түрде мерейтойлық медальдар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Жыл сайын 26 сәуір атаулы күніне орай апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Биыл 400-ден астам азаматқа 64,0 млн теңге сомасында көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1208314?lang=kk

Жауап қалдыру