Чернобыль апатына – 40 жыл: ерлікке тағзым

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық мәдениет үйінде Чернобыль апатының 40 жылдығына орай ардагерлермен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі мен еңбегін құрметтеу, сондай-ақ жас ұрпаққа олардың батырлығын насихаттау болды. Кездесу барысында ардагерлер сол бір ауыр кезеңдегі естеліктерімен бөлісіп, бастан өткерген қиындықтары мен көрсеткен табандылықтары туралы әңгімеледі. ТЖБ қызметкерлері ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1208338?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді